Қазақстанда 7 миллионға жуық бала бар - бұл жалпы ел халқының
үштен бірі. Соңғы 10 жылда балалардың саны 1,5 миллионға өсті және оларды қорғау
мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі саланың бірі. Бұл жұмыс жаңа
Конституцияда белгіленген балаларға қамқорлық пен оларды тәрбиелеу қағидатына
сүйенеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024-2025 жылдары
балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған заңнамалық
актілердің тұтас пакеті қабылданды. Қазақстанның әр өңірінде балалардың
құқықтарын қорғау басқармалары құрылды. Елімізде мектепке дейінгі біліммен
қамту 96% -ға жетті, барлық жас қазақстандықтар тегін орта біліммен қамтамасыз
етілген. Республикада жаңа оқу орындарының құрылысы белсенді жүргізілуде, соның
ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберіндегі құрылыс қарқын алған. 6 жыл
ішінде 1 мыңнан астам білім беру мекемесі салынды.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026-2030
жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді, құжат
қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және әлеуметтік қорғау
салаларындағы балалардың құқықтарын қамтитын 4 басым бағытты айқындайды.
Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық бала тұрады, бұл халықтың 34%-ын құрайды.

