Қазақстанда жаңа кластер пайда болмақ. Оны еліміздің
солтүстігінде ашу жоспарланған. Құрылым экологиялық бағытта жұмыс істейтін
болады. Аймақ әкімдіктің ақпаратына сай, «ТехноЭкоПарк» жобасының аясында екінші
мәрте шикізатты қайта өңдеуді жолға қою көзделіп отыр. Сонымен қатар, теріскейде
қоқыс өңдеу зауыты мен қағаз және картон бұйымдары фабрикалары іске қосылмақ.
Ірі жобаның жалпы құны 49 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бүгінгі таңда оны жүзеге
асыру үшін жер телімі бөлінген. Атап айтқанда, екі өндіріс Qyzyljar арнайы
экономикалық аймағының аумағында орналасатын болады. Ал экожобаны іске қосу
арқылы жаңадан 500 жұмыс орны ашылады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

