Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы 2016 жылы бекітіліп, 2018 жылы бағдарлама мен жол картасы қабылданған. Ол 3 кезеңде жүзеге асырылады. Құжат ережелері үшінші елдермен газ саудасына қолданылмайды. Оның нормалары ішкі нарықтарды реттеу мәселелерін қозғамайды. Сондай-ақ өзара саудада импорттық және экспорттық кедендік баждар қолданылмайды деп болжануда. Жалпы, осы салада ортақ нарық құру мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін және ЕАЭО елдерінің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.