Олардың жалпы сомасы шамамен 47 млрд долларды құрады. Бұл баға тарифы 2021 жылмен салыстырғанда 51%-ке артық. Бұл туралы еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Бүгінде Италия – отандық «қара» алтынның ең ірі сатып алушысы. Бұл елге әлемнің өзге елдеріне қарағанда мұнай сәл артық жеткізілді. Сатып алушылардың тізімінде Нидерланд, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Франция, Румыния, Сингапур, Испания, Үндістан, Грекия, Швейцария және Израиль елдері бар.