Солтүстік Қазақстан облысында мамонттың сүйегі табылды. Оның
ұзындығы бір метрден асады. Ғалымдар мамонт осыдан 15 мың жыл бұрын жоғары
палеолит дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін дейді. Тарихи олжа Қызылжар
ауданынан қарасты Бәйтерек елді мекені маңында Есіл өзенінен шыққан. Сүйек бірталай уақыт өтсе де жақсы сақталған.
Археологтар бұл жерден оның өзгеде сүйектері, жалпы тұтас қаңқасын табудан
дәмелі.
Анатолий Плешаков, тарихшы:
- Болжам бойынша биіктігі 4-5 метрлік мамонт болуы мүмкін. Ал, ұзындығы одан да көп екені мәлім. Салмағы -20 тоннаға жетеді. Бұл ең үлкен мамонттардың бірі. Қалған сүйектері әлі жер қойнауында жатыр деп ойлаймын. Сол кездегі еңбек құралдарын тауып алғым келеді. Бұл сенсация болар еді.
Археологтар келесі жылы Есіл жағалауында кең ауқымды
қазба жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Олар бұл жерден тамыры терең тартқан
тарихтың жаңа беттерін ашуға септесетін
өзге де құнды жәдігерлері табылуы мүмкін деп санайды.

