Түрікменстанның
Аваза қаласында Қазақстан мен Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. Шара теңізге
шыға алмайтын дамушы елдер бойынша БҰҰ-ның үшінші конференциясы шеңберінде
ұйымдастырылды. Мереке бауырлас халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынас пен
достықты нығайтудың жарқын нышанына айналды. Салтанатты шара көрме алаңын
аралаудан басталды, онда қонақтар тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер, тарихи
артефактілерді тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Отандық шеберлердің
бірегей ұлттық әшекейлерінен бастап киіз үй макетіне дейін қойылған қазақстандық
экспозиция қонақтардың ерекше назарын аударды. Әзербайжан өнерпаздары халық
әндерімен және биімен келушілерге ерекше көңіл күй сыйлады. Шараның шарықтау
шегі - Қазақстан, Түрікменстан және Әзербайжан әртістерінің бірлескен концерті
көрермендерге бірлік пен достықтың шынайы үлгісін көрсетті.
Нұрлан Ноғаев,
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Аталған іс-шара
аясында алыс және жақын шетелден келген барлық қонақтарға, сондай-ақ Аваза
тұрғындарына - Түрікменстан азаматтарына әр елдің мәдениеті таныстырылды. Біздің
мәдениет қайраткерлеріміз - қолөнер шеберлері келіп, теріден, сүйектен,
күмістен, жүннен жасалған бұйымдарды көрсетті.

