Еуразияның жүрегіндегі - Астанада әлемнің 12
елінің әншілері жиналды. Олар елорда төрінде өтіп жатқан Silk Way Star бірегей
вокалдық шоуында өздерінің дарындарын халықаралық қазылар алқасы мен
көрермендер назарына паш етуде. Көптеген шығармашылық топ өкілдерінің басын бір
алаңда қосқан үлкен студия және сахна жобаның ауқымын танытады. Әділқазылар
алқасы ән бәйгесінде оза шапқан шын мықтыны анықтайды. Олардың бағасы байқау
қатысушыларының өнер жолындағы тағдырын шешеді. Сондықтан да бағалау ашық әрі әділ
болуы үшін қазылар алқасының өз елінің өкіліне дауыс беруге құқығы жоқ.
Халықаралық деңгейдегі сынның шешімі қазылар алқасының 50 және
онлайн-аудиторияның 50% теңдей дауыс беру арқылы шығарылады. Бұл жүйе үздіктерді
іріктеуге мүмкіндік береді. Соңғы кезеңде тек ең үздік жеті орындаушы қалады.
Олар бас жүлде - Silk Way Star атағын сарапқа салып, өз шығармашылықтарын
әлемдік сахнада көрсету мүмкіндігі үшін бақ пен бап таластырады.
Парвина Шукуруллаева,
Silk Way Star жобасының қазылар алқасының мүшесі /Тәжікстан/:
- Қатысушылардың бәрі
өз ісінің хас шеберлері. Қайсысы болмасын ерекше дауыс иесі. Өздерін сахнада
ұстау мәдениеті, вокалдық қабілеттері өте керемет. Біз осы аралықта достасып
үлгердік. Қазылар алқасының мүшелері мен қатысушылар үлкен отбасыға айналдық.
Әрине, біздің қатысушымыз Фахриддин Хәкімовке алаңдаймын, ол тәжікстандық
қатысушы, мен оны шынымен де лайықты деп санаймын, орындау қабілеті аса жоғары.
Қатысусшыларға сәттілік тілеймін!

