Ақтауда этномедиаторлардың республикалық форумы өтті

Ақтауда этномедиаторлардың республикалық форумы өтті

Татулықтың бастауы – екеуара қатынас. Бұл Ақтау қаласында өткен республикалық этномедиаторлар форумы қатысушыларының ұстанымы. Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада әр өңірдің өкілдері этносаралық және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алудағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Форумға қатысушылар этномедиация бейбіт диалог мәдениетін қалыптастыруда маңызды құрал екенін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіби медиаторларды даярлауға назар аударылды. Форум «Елдесу және татуласу» ақпараттық-ағартушылық марафонының негізгі оқиғасы болды. Ол көшпелі тренингтер мен дөңгелек үстелден бастап подкасттар мен авторлық курстарға дейін 100-ден астам іс шараны қамтиды.

Шерзод Платов, ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы:

- Этно-медиаторлар тізілімі қалыптастырылды, бұл тізілім үш деңгейден тұрады, қатарында танымал тұлғалар да бар, олар этномәдени бірлестіктер, этномедиаторлар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ түрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері. Менің ойымша, бұл форум алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып, пікір алмасу алаңына айналады. Қазақстанда түсініспеушіліктер, келіспеушіліктер мен дау тудырмау үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді ортаға саламыз.

Жаңбырбай Матаев, ҚХА өңірлік этномедиация кеңесінің төрағасы:

- Мақсатымыз медиацияның бұл этносаралық ауызбіршілік, ел ішіндегі татулық, егер дауласқан жағдайда бір-біріне мәмілеге шақыру, бітімгерлікке шақыру бағытындағы үлкен бір бағыт. Бұл бағытты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі тікелей тапсырма берді, министрлікке, өңір басшыларына этномедиацияны қолдап жұмыс жасауға. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?