Нидерландтың Лейден қаласында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Бұл қала кездейсоқ таңдалған жоқ. Атақты «Абай жолы» роман-эпопеясында жазушы шаһарға арнайы тоқталған.
Қазақстандық және голланд әдебиеттанушылары мен зерттеушілері көрнекті қаламгердің қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуындағы айрықша рөлі мен шығармашылық мұрасы туралы айтты. Жиынға қатысушы сарапшылар Ташкент пен Санкт-Петербургте білім алған Мұхтар Әуезов ғылымға құштар болғанын атап өтті. Оның әрдайым ізденіс үстінде жүргенін де айтты. Ол Батыс мәдениетін ұлы Абай шығармашылығы арқылы таныған.
Диар Қонаев, Мұхтар Әуезов атындағы музей-үйінің директоры:
Әезовтің шығармалары - тілі шұрайлы, баяндалуы көркем мол мұра. Ол өз жазбаларын қағазға бетіне түсіру арқылы тіліміздің байлығын көрсете алды. Әуезовтың басқа әдебиетшілермен әсіресе, бауырлас түркі халықтарымен байланысы өте тығыз болды. Оның ықпалын көптеген жазушы мойындады. Шыңғыс Айтматов, Расул Гамзатов, Мустай Карим бұл туралы талай мәрте айтты.
Жазушының еңбектерін оқыған сайын оның шығармашылығының жаңа қырлары ашылады. Уақыт өтсе де, оның стилі әлі күнге дейін қазақ әдебиетінде ерекше орынға ие, дейді ғалымдар.
Айсұлу Қасымбек, «Айтыс» мектебінің жетекшісі:
Әрине, Мұхтар Ауезов сөз өнерінің шебері, сыншысы, шебер, соны зерттеп, зерделеген зергері - сондай ерекше дарынның иесі. Соңдықтан де сөз өнерінің, шешендік өнерінің ең биік шыңы болып табылатын айтысты, осы айтыс тақырыбын қозғайық деп бізге ұсыныс жасауы - үлкен дүние болды. Сол себептен айтыс - ұлттық код деп алып отырмын бағдарлама тақырыбын.
Айта кетейік, Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орай өткен ғылыми конференция көпшіліктің көңілінен шығып, алдағы уақытта Голландия жерінде осындай ғылыми жиындарды ұйымдастыру дәстүрге айналатын болды.