Silk Way Star Азия вокалдық байқауына
қатысушылардың барлығы дерлік Астанаға жиналды. Бұл қатарда Орталық Азияның
Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан елдерінің өнерпаздары да бар. Дәстүр
бойынша меймандарды әуежайда ұлттық тағамдар мен музыкамен қарсы алды. Жобаға
қатысушылар өз сұхбатында еліміздің қонақжайлылығын ғана емес, елорданың
сұлулығын да ерекше атап өтті. Олар ұшақ терезелерінен Астананың жасыл белдеуі
мен қаланың ауқымды сәулетін көргендерін айтады. Еске сала кетейік, байқауда 12
елдің орындаушылары бақ сынайды. Ал, түсірілім 26 тамызда басталады.
Довран Шаммыев, Silk
Way Star қатысушысы, Түркіменстан:
- Мұндай ауқымдағы
байқау - менің тәжірибемде алғаш рет. Мен үшін бұл сынға қатысу өз елімді және
төл мәдениетімді таныстырып, халқымыздың ыстық ықыласын жеткізу. Өнер үшін
шектеу жоқ. Әрине, әлемге басқа орындаушылармен бірге музыканың шын мәнінде баршаны
біріктіретінін, бұл махаббат, бұл - бейбітшілік, бұл - достық екенін көрсету.

