Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы өз мәресіне жетті

Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы өз мәресіне жетті

Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы өз мәресіне жетті. Осы орайда Алматыда халықаралық форум өтті. Іс-шара қос елдегі туристік индустрияның 300-ден астам өкілін тоғыстырды. Жыл бойы бизнес-кездесулер, сондай-ақ Қазақстанның мәдени музейінің көрмелері, концерттері мен тұсаукесерлері өткізілді. Мазмұнды бағдарламаның қорытындысы бойынша өзара іс-қимыл туралы 200-ден астам келісімге қол қойылып, елдер арасында туристік ағынның өсуі байқалды. Биыл 10 айда республикаға аспан асты елінен 550 мың адам келген. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 370 мыңға жетті. Жиһанкездер арасында Алматы мен Бейжің сұранысқа ие қала атанды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланды. Алдағы 2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қытайдан келген қонақтар 50% асып отыр. Олардың саны жарты млн асып кетті. Сәйкесінше, олардан түсетін пайданың өсуін жалпы туризмнің экспортын жарты млн долларға жетеді деген болжам жасап отырмыз. Бұл екі ел арасындағы жыл бойы өткен 30 дан астам іс шаралардың нәтижесі деп сенеміз.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?