Silk Way Star: Ақтық сынға 7 өнерпаз жолдама алды

Silk Way Star: Ақтық сынға 7 өнерпаз жолдама алды

Silk Way Star жобасының 10 кезеңінің тоғызы артта қалды. Алдағы сенбі шешу сәт. Сондықтан ақтық сынға дайындық қыза түсті. Гранд-финалда әр қатысушы ана тілінде ән шырқап, ұлттық болмысын сахналауы тиіс. Қорытынды кезеңге жолдама алған жеті өнерпаздың бірі - Өзбекстанның жас әрі дарынды әншісі Мадинабону Әділова. Қазақстанда өтіп жатқан жоба оған әлемдік деңгейде тыңдарманын көбейтіп қана қойған жоқ, сондай-ақ өнеріне жаңа шығармашылық тыныс беріпті. Ол бұл байқау өнер үшін шектеу жоқтығын тағы бір айшықтап, халықтарды біріктіргенін алға тартады.

Мадинабону Әділова, Silk Way Star байқауының финалисі:

- Қолдау расымен де үлкен болды. Өзбекстандағы көптеген БАҚ «қолдайық, бірге демейік» деп бұл жаңалықты жарыса жазды. Инстаграмдағы жазылушыларым да өте үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Әрине, бұл керемет сезім. Өзбекстанның осындай халықаралық жобаның финалына шыққаны бәріміз үшін үлкен мақтаныш. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?