Қазақстанда енді бір әлем рекорды орнатылды. Павлодарлық шеберлер биіктігі 4 метр болатын алып кимешек тікті. Ерекше инсталляцияны Global Book of Records ұйымы ресми түрде тіркеп, халықаралық рекордтар кітабына енгізді. Кимешекке күміс және металл теңгелерден бөлек, 2 мыңнан астам моншақ тігілген. Олардың қатарында інжу мен түрлі бағалы тастар да бар. Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кимешекті тек тұрмыстағы әйелдер киген. Бұл олардың отбасындағы және қоғамдағы мәртебесін білдіретін белгі саналған.
Айжан Абсаттарова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы:
- Қазақтың ұлттық киімдері тек қана сахнада емес, көшеде, күнделікті өмірде
киіп, ұлттық киімдерді насихаттап жүрсе деген ниетте болдық. Сол ниетпен,
бүгінде өзіміздің ұлттық киім, бас киімдерімізді насихаттау үстінде және
өзіміздің әр түрлі үлгідегі қазақ халқының ою-өрнекті, әлемі, қазіргі заманауи
үлгідегі киімдерін насихаттап, халыққа, қазіргі жастарға көрсету мақсатында
болдық.

