2025 жылы отандық фармацевтикалық өнімдер өндірісі үш есе ұлғаяды

Қазақстанда жыл басынан отандық фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемі 18% өсті. Мемлекет биыл жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында 47 ұзақмерзімді келісімшартқа тұрған. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасын тауып 79 осы текті келісім жасалмақ. Нәтижесінде өзімізде шығарылатын препараттар өндірісінің көлемін үш есе ұлғайту жоспарланған.

Бұл ретте айта кету керек елімізде дәрілік заттардың сәйкестігіне сараптама жүргізетін 3 зертхана бар. Ал оларды ашық пайдалану үшін осы жылдан «Әлеуметтік әмиян» арқылы электронды түрде беру бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда әрбір төртінші рецепт осы қызмет арқылы жүзеге асуда. Сондай-ақ жуырда ел бойынша дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау жүйесі енгізілді.  Осылайша 68 млн астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланды. Бүгінде оның 28 жарым млн айналымға шықты. Бұл маңызды бастамаға отандық дәрі-дәрмек өндірушілер, тасымалдаушылар, жеке дәріханалар және 1 800 жуық медициналық ұйым қатысып отыр. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі: 

- Жуырда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу аяқталды. Ол дәрі-дәрмектің өндірушіден емделушіге дейінгі қозғалысын штрих-код арқылы қадағалап отыруға мүмкіндік берді. Бұрын жеткізу тізбегін бақылай алмайтынбыз. Дәріханаларға контрафактілік және сапасыз препараттардың түсу қаупі де бар еді. Енді біз ауруханалар мен емханалардағы дәрілік заттардың қозғалысын емін-еркін көріп отыратын боламыз. Бұл тегін препараттардың заңсыз айналымына жол бермейді. Яғни, осы мәселеде тәртіп орнатылды. 

Жеңіс Ермұқанов