Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетінін хабарлады.
«Үстіміздегі жылдың ортасына дейін арнайы құжат, әдістеме жасалуы керек болды. Соған сәйкес осы жылдың соңына дейін цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылданады. Сондықтан цифрлық теңгені енгізуді кейінге қалдыру туралы мәселе туындаған жоқ. Жоспарлағанымыздай, маусым айының соңына дейін әдістемені жариялап, жыл соңына дейін осы әдістемеге сәйкес цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдаймыз», - деді Ғалымжан Пірматов.