ШЫҰ 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялады

ШЫҰ 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялады

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне басымдық берілді. Оның бірден-бір айғағы – биыл ұйымның «Экология жылы» деп жариялануы. Осыған орай еліміздің Салалық министрлігі бес бірдей құжат әзірлеген. Ұйым тарихында алғаш рет «Қалдыктарды тимді басқару туралы» Мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі және үкіметтер арасында қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Сонымен қатар, мүше мемлекеттердің осы бағыттағы ынтымақтастығының 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспары бекітілді.  

Ұйымға мүше елдердің ерекше қорғалатын табиғи аумактар мен экологиялық туризм бойынша әріптестігін дамыту бағдарламасы да салаға серпін береді деген сенім мол.

Әйгерім Қуат, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі департаментінің директоры:

– Бұл жоспар өте көп мәселелерді қамтиды: ауаның ластануы, судың ластануының алдын алу, климат мәселелелері, биоалуандылықты сақтау және қалдықтарға да көңіл бөлінеді. Бұл құжаттар мемлекеттер бірлесіп, осы мәселелерді шешуге арналған. Және әртүрлі географияда орналасқан түрлі мемлекеттер мүше болғандықтан, олармен тәжірибе алмасу. Мәселен бізде бұл мәселелер бойынша өз тәжірибемізді бөлісеміз. Ғылым мәселесіне байланысты да ғылыми-техникалық практикалармен алмасамыз. Көптеген осындай мен атап кеткен бағыттар бойынша құжаттар іс-қимылдарды қамтиды.