«Астана Опера» гастрольдік сапармен Санкт-Петербургке барды

«Астана Опера» гастрольдік сапармен Санкт-Петербургке барды

«Астана Опера» театры Санкт-Петербургте өткен халықаралық «Dance Open» фестивалінде «Коппелия» балетін сахналады. Композитор Лео Делибтің француздық үлгісіндегі сюжетте механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіттің оқиғасы баяндалады. Қойылым авторы – хореограф Ролан Пети. Көрермендер қазақстандық әртістердің шеберліктеріне жоғары баға берді. Сахнада жарық пен көлеңкенің үйлесімді ойыны спектакльге өзгешелік сыйлады. Ал көзқарас пен ым арқылы аудиториямен байланыс – көрермендерді ерекше әсерге бөледі.


Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жеткшісі:

- «Бізде 2019-жылы сахналанған керемет спектакль. Қойылымды тек қана әртістер емес, сонымен қатар көрермендер де өте жақсы көреді. Осыған қуаныштымыз. Өте жеңіл, позитивті спектакль». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?