Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды

Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды

Теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған әлемдегі еңі ірі әрі биік таулы мурал пайда болды. Ұзындығы 36, биіктігі 6 метрболатын ауқымды жұмыстың авторы - қазақстандық суретші Әділ Әубекеров. Құрақ көрпе түрінде салынған еңбекте көшпенділер мәдениеті көрініс тапқан. Композицияда ою-өрнектер, Тамғалы петроглифтері мен аңыз жануарлар бейнеленген. Бұл жоба қазақ халқының мұрасы мен орнықты дамудың әлемдік идеяларын біріктірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?