Астанадағы әскери музейде сурет көрмесі ашылды

Астанадағы әскери музейде сурет көрмесі ашылды

Жеңістің 80 жылдығына орай Астанадағы Қарулы күштердің әскери-тарихи музейінде сурет көрмесі өтіп жатыр.  Мұнда белгілі қазақстандық қылқалам шеберлері Амандос Ақанаев, Мақсат Қаңтарбаев, Нелли Бубэ және Айгүль Сағитовалардың еңбектері қойылды. Авторлар іс-шара  арқылы майдан даласындағы әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі мен сұрапыл соғыс туралы айтқымыз келді дейді. Идея негізі де сол. Бүгінгі ұрпаққа жеңістің қандай қиындықпен келгенін және ой мен сезімді шығармашылық арқылы жеткізу.

Мақсат Қаңтарбаев, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: 

- Бүгінгі көрменің мақсаты – осы өткен соғысқа қатысқан біздің 1 млн 200-ден аса қазақстандықтар қатысты соғысқа, соның жартысынан көбі қайтпады. Соларды еске алу көрмесі ғой негізі. Олар жанын берді, қан төкті, сондай ерлік жасады, соны еске алып, қазіргі жастарға көрсетпекшімін. Қалай болды, қандай қиын жағдайда болды. Қазіргі бейбітшілік өмір соларды арқасында болды, соны жастар білсін, есінде сақтасын деген ойым ғой. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?