Бейжіңде Silk Way Star алғашқы азиялық музыкалық байқаудың ресми түрде
тұсауы кесілді. Салтанатты ашылу рәсімі ШЫҰ-ның Гуманитарлық алмасу жөніндегі
форумы аясында өтті. Ол Қазақстан Президентінің телерадиокешені мен Қытайдың
CMG медиакорпорациясы бірлескен жобасы.
Ван Мин, CMG Көркемдік-білім беру бағдарламалары орталығы
директорының орынбасары:
- CMG үшін Қазақстанмен бірлесіп осындай ауқымды шоу ұйымдастыру үлкен мәртебе. Бұл қадам Азия елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосады. Жобаның арқасында біз әлемдік қоғамдастықты қазақ және қытай мәдениетімен таныстыра аламыз. Алдағы уақытта осындай бірлескен жобаларды жалғастыруды және екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін күш-жігер жұмсауды жоспарлап отырмыз.
Халықаралық мега жобаға төрелік жасайтын әділ қазылардың алды Астанаға
келіп жетті. Олардың бірі - Оңтүстік Кореяның «Т-Макс» бойс-бэндінің бұрынғы жетекшісі
Шин Мин Чоль. Еске сала кетейік, елордада түсірілімі басталатын Silk Way Star жобасында 12 елдің орындаушылары бақ
сынайды. Байқау 10 эпизодтан тұрады. Ал, гранд-финал 22-ші қарашада «Jibek
Joly» телеарнасында және қатысушы елдердің жетекші арналарында тікелей эфирде
көрсетіледі.

