Қазақ тазысы Халықаралық көрмеде таныстырылды

Алматыда қазақ тазысының және өзге де ит тұқымдарының қатысуымен «Көшпенділер даласы» атты көрме өтті. Халықаралық көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден барлығы 500-ден астам ит әкелінген. Биылғы көрменің ерекшелігі сол, оған басқа да тұқымды иттер де қатыстырылды. Көрмеде тазының дене бітімі - басы, тұмсығы, көзі, құлағы тіпті тісі де мұқият қаралды. Иттің қимыл-қозғалысы мен мінез-құлқына дейін бағаланды. Әр қатысушы өз тазысының таза қанды екенін дәлелдеуге тырысты. Онда Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген халықаралық сарапшылар ит төресінің бабын сынап, бағасын берді. Көрме нәтижесі бойынша ерекше көзге түскен иттер бақылауға алынып, болашақта олардың генетикасын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтары одағының президенті:

- Бұл алдын ала мойындау, сосын бізге 10 жыл уақыт беріледі. 10 жылдың ішінде біз асыл тұқымды тазыларымыздың санын көбейтуіміз керек. Бүкіл әлемге оны насихаттау керекпіз. Ол үшін біз дүниежүзілік Еуропа Азиядағы көрмелерге қатысып, сол жерде жүлде алуымыз керек.

Жерард Йиппинг, Халықаралық кинологиялық ұйымның вице-президенті:

- Қазақ тазысының түп тамыры сонау арғы ғасырларға кетеді. Қазақстанның осы тұқым стандартының иесі мәртебесін алғанына өте қуаныштымын. Көрмеде тамаша иттерді көрдім. Тазы иті сіздердің тарихтарыңыздан құдды бір сыр шертіп тұрғандай. Өте ерекше ит.