Астанада Наурыз мейрамына арналған интерактивті экскурсиялар өтіп жатыр

Астанада Наурыз мейрамына арналған интерактивті экскурсиялар өтіп жатыр

Бұлақтың сылдыры мен құстардың сайрағаны естіліп, Самарқанның көк тасы еріген сәт. Табиғаттың оянуын бейнелейтін әуендер бірегей интерактивті көрмеге келген қонақтардың назарын аударады. Елордадағы Президенттік орталықта Наурыз мейрамына арналған көрме ұйымдастырылды. Бұл 10 күнге созылатын іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Мұнда кез келген адам ежелгі мейрам туралы тың деректермен танысады. Апталықттың шымылдығы ұлттық музыкалық ансамбльдердің өнерімен түрілді. Жалпы көрмеде ою-өрнекпен безендірілген ыдыстар, тұрмыстық заттар, дәстүрлі кестелер, сондай-ақ мүсіндер қойылған. Мұның барлығы түркі халықтарының көктемнің шуақты мейрамына еріксіз баулып, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың бай шежіресіне терең бойлататын ерекше әсер қалдырады.

Ботагөз Қайыпова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:

- Наурыз түркі халықтары үшін ерекше маңызға ие. Бұл жай ғана күнтізбедегі мереке емес, ол – жаңарудың нышаны. Яғни, адамның табиғатпен үндестігінің, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының символы. Наурыз мейрамын түркі халықтарының қалай атап өтетінін бейнелейтін шамамен 60 жәдігер қойылды. Олар тек көшпенділердің тұрмыстық салтын ғана емес, сонымен бірге түркі халықтарының ғасырлар бойғы қалыптасқан дәстүрлері мен материалдық және рухани мұраларының ерекшеліктерін көрсетеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?