Алтай тауларында «Тұрғысын-1» су электр станциясы пайдалануға берілді. Ол толық экологиялық талапқа сай келеді. Бұл жаңа станция көмірқышқыл газының жыл сайынғы шығарындысын 680 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Су электр станциясы маңызды стратегиялық міндеттерді шешеді. Аймақта өнеркәсіптің өрге басуына ықпал етіп, туристік нысандарға да энергиямен қамтуға қуаты жетеді. Алтай ауданына қажетті қуат көзінің 25% қамтамасыз етеді. Гидроэлектр станциясына орнатылған қондырғылар мен құрылғылар елге 30 секундта энергия таратып үлгереді. Ал жылыту электр орталығы үшін екі апта керек.
Антон Непомнящний, «Тұрғысын-1» ЖШС кезекші-инженері:
- Генераторды жүйеге қосуға шамамен 2-2,5 минут кетеді.
«Тұрғысын-1» гидроэлектр станциясының бірінші кезегінің құрылысына жеке инвесторлар 14 млрд теңгеге жуық инвестиция салды. Негізгі қаржыландыру «Бәйтерек» ұлттық холдингінің еншілес ұйымы Қазақстан Даму банкі мен оның еншілес құрылымдарына тиесілі. Олар: Өнеркәсіпті дамыту қоры және DBK Equity Fund.
Қалаубек Баймұханбетов, «Тұрғысын-1» ЖШС директоры:
- Үш қаржы институтының көмегінің арқасында бұл жоба сәтті жүзеге асырылды, беретін нәтижесі өте жақсы.
Гидроэлектр станциясын салу және оны пайдалану үшін құрылған инфрақұрылым, яғни кірме жолдар, көпірлер, электр және байланыс желілері бүкіл өңірдің өмірі үшін үлкен маңызға ие. Өйткені ол көліктік және ақпараттық қамтамасыз етуді жақсартуға ықпал етеді, сол арқылы облыстың экономикалық дамуына жәрдемдеседі.
Төлеген Каренов, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі дирекциясы:
- Қазақстанның Даму банкі – елімізде жаңартылған энергия көзін қаржыландыру бойынша бірден-бір қаржылық институт. Солардың бірі – «Тұрғысын» су электр станциясы. Бұл – біздің банк үшін алғашқы пилоттық жоба.
«Тұрғысын» гидроэлектр станциясының таяу жылдары энергия көлемі айтарлықтай артатын болады. Тұрғысын өзенінің бойында жалпы көлемі 120 мегаваттан асатын тағы 2 станция салынбақ.