Қазақстанда жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанда жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

2024 жылы еліміздің кәсіптік колледждерінің үздік студенттері «WorldSkills Lyon» халықаралық жарысында ел намысын қорғайды. Қазақстанда Франция елінде өтетін кәсіби шеберлік байқауына іріктеу турнирі жүріп жатыр. 500-ден астам болашақ маман иелері жаһандық додаға қатысу жолдамасын сарапқа салып, 30 құзірет бойынша баптарын сынауда. Құрылыс, білім беру, аспаздық іс сынды дәстүрлі кәсіптермен қатар IT, робототехника саласының қыр-сырын меңгеріп жатқан студенттер жиған білімі мен шеберлігін ортаға жайып салды. Олардың тәжірибесін 500-ден астам сарапшы бағалайды. Айта кетейік, еліміз жұмысшы мамандықтарының халықаралық байқауына 2015 жылдан бері қатысып келеді. Алғашқы жылы Ұлттық құрама 100-ге жуық елдің ішінде 54-ші орынға тұрақтаса, биыл 10-шы орынға жайғасқан. Соңғы біріншіліктен 2 медаль еншіленіп, өзінің үздік нәтижесіне қол жеткізді.         

Шолпан Өтелбаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ президенті:
-
Бұндай чемпионаттар әлемнің озық технологияларын елімізде тиімді ендіруге мүмкіндік береді. Ал студенттеріміз үшін кәсіби біліктілігін арттырып, шетелде оқуын жалғастыруға, әлемнің үздік деген компанияларында жұмыс істеуге жол ашады. Жалпы елімізде 217-ге тарта құзыреттілік бар. Біз олардың бәрін дамытуға тырысамыз. Жылда 20-30% жуық мамандық түрлері сұранысқа сай ауысып тұрады. Биыл өндірістік автоматика және бизнеске арналған веп технологиялар әзірлеу түрлерін қостық.    

Қобыланды Маханбетқали, Орта Азиялық техникалық-экономикалық колледж студенті:
-
Мамандығым мобильді робототехника. Оны таңдауымның себеді бұл болашақтың мамандығы ғой. Қазірде көбі автоматтандыруға көшті, барлығы компьютермен байланысты. Сондықтан осы болашақ мобилді робототехника мамандығы бойынша өз потанциалымды ашып, алдағы уақытта нарыққа керек маман болу үшін оны таңдап отырмын. Осы жарыста білгенімді сынап жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын.