Қазақстанда 11
айда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6
трлн теңгеге жетті. Үкіметте 2023 жылғы саладағы жұмыстардың қорытындысы
шығарылды. Өткен жылдың тағы бір жетістігі – құрылыс материалдарының отандық
өндірісін ұлғайтуында. Бір жыл ішінде
ол 10% 1 трлн теңгеге дейін өсті. 2027 жылға дейін бекітілген Жол картасының 41
жобасы іске қосылды. Бұл әк шығаратын зауыт, асфальт-бетон, шатыр және қаптау
материалдарын шығаратын кәсіпорын. Сонымен қатар, Абай облысындағы цемент
зауыты қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Ал Жетісуда қыш тақтайша өндірісі
кеңейтілді. Алдағы уақытта Шымкентте тағы 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.
Бұл ретте Үкіметте атап өтілгендей жалпы көрсеткіште құрылыс материалдары сатып
алынған отандық тауар өндірушілердің үлесі 66% дейін ұлғайды, бұл олардың ішкі
нарықтағы позицияларының нығайғанын білдіреді.