Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді

Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, форум қатысушылары қазіргі таңдағы әлемдік ахуалды талдап, геосаяси шиеленістің артуына орай әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге ұласатын іс-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болуға ұмтылыс жасайды. Негізгі талқылаулар төрт бағыт бойынша, атап айтсақ сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; халықаралық даму және тұрақтылық; энергетика және климаттың өзгеруі, экономика мен қаржы салалары бойынша өтеді. Форумға мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, көрнекті саяси қайраткерлер мен сарапшылар қатысады.