Шетелдік туристер арасында ең танымал ұлттық тағам түрлері

Қазақстанға аяқ басқан сырт ел азаматы дәмін татпай кетпейтін ұлттық тағам түрлерінің бірегейі «бесбармақ». Шетелдік туристер арасында қазақтың бас тағамы үлкен сұранысқа ие. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен отандық туристік операторлар бірігіп ең танымал қазақтың ұлттық тағамдарының тізімін құрды. Бұл ретте «бауырсақ» екінші орынға жайғасты.  Бұл ашытылған бидай ұнынан әр түрлі пішінде майға пісірілетін дәм. Әсіресе, ұзақ сақталатын қазақтың «ши бауырсағын» шетелдіктер кәдесый ретінде өз елдеріне алып кететін көрінеді. Туристер арасында танымал қазақтың тағы бір  керемет тағамы – қазы. Кейінгі лекте тіл үйіретін дәстүрлі тәтті тағамдар. Көбіне шетелдік меймандардың таңдауы «жент» пен «»қызыл ірімшікке» түседі екен. Қазір бұл сүт өнімдері халық арасында «қазақтың рафаэллосы» деп аталып жүр. Айта кетейік, бұл ұлттық тағам түрлері негізінен Еуропа мен ТМД елдері арасында кең тараған.        

 

Шетелдік туристер арасында ең танымал ұлттық тағам түрлері:

 

1.     Бесбармақ

2.     Бауырсақ

3.     Қазы

4.     Жент

5.     Қызыл ірімшік