Қазақстандықтар үшін қолма-қол ақша мен несиелік карталардың қажеті күннен-күнге шамалы болып барады. Оның орнын электронды тәсілмен есеп айырысу басқанға ұқсайды. Төлемнің осы түрі жиірек пайдаланыла бастады. Еліміздің қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы берген ақпарға сәйкес, ішкі транзакциялардың 82% қолма-қол ақшасыз жасалған. Яғни, ел азаматтары жасасқан бес сатып-алудың төртеуі онлайн төлемнің үлесінде кеткен. Өткен жылғы деректерді сараласақ бұл көрсеткіш 5 процентке өскені байқалады. Бір сөзбен тапқан ақшасын қолына алмай-ақ шығындауға әбден дағдыланып алған отандастарымыз тек қаңтар мен қыркүйек аралығында 59 триллион теңгеден астам қаржыны интернет арқылы кәдеге жаратқан. Бұл барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 80%-ті.