Шетелдік сарапшылар Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке, ядролық
қарусыздануға және таратпау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.Бұл
Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін айта кеткен жөн. Қазақстанның
жаһандық антиядролық қозғалыстағы күш-жігері мен рөлі үшін БҰҰ Бас
Ассамблеясының Төрағасы Чаба Кёрёши алғыс білдірді. Сондай-ақ ол ядролық
сынақтарға тыйым салуды барлық елдер үшін заңды түрде міндетті етуге шақырды.
Халықаралық бейбітшілік мәселелері қауымдастығының жапондық мамандары,
еліміздің көптеген антиядролық бастамалары халықаралық қоғамдастықта кеңінен
қолдау тапқанын ерекше атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан бұл бағыттағы жұмысын
жалғастыра береді.
Хироцугу Тэрасаки, SGI бейбітшілік және жаһандық мәселелер ұйымының бас директоры:
-Қазақстан халықаралық аренада, антиядролық қозғалысты қолдау және ілгерілету бойынша шешуші рөл атқарады. Біз қазақстандық делегациялармен сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету, ядролық қаруды таратпау және ақпараттандыру мәселелерінде тығыз жұмыс істейміз. Көмекке келетін болсақ, бүгінде таратпау туралы келісім бар, оның аясында жұмыс тобы құрылды. Биыл оған Қазақстан басшылық етуде. Алда жақсы жаңалықтар күтіп тұр деп ойлаймын.
Қазір Қазақстан
ядролық сынақ құрбандарына көмек қорын іске қосу үстінде. Құжат ядролық
қаруға тыйым салу туралы шарты серіктестерімен
бірлесіп дайындалады. Ұйымның жұмыс істеу механизмі көрсетілетін құжат Нью-Йоркте күздің соңында өтетін Шарт бойынша екінші
конференциясына дейін дайындалып, жиында таныстырылады. Бұл туралы еліміздің
сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.