Екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және Қазақстан мен Еуроодақтың жаһандық алаңдардағы өзара әрекеттесуі. Бұл туралы Еуропалық Одақ өкілдерімен, сондай-ақ бельгиялық бизнес өкілдерімен кездесуде еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Тараптар пандемияға қарамастан Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында тауар айналымы 19 млрд доллардан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% көп.
Бернд Ланге, Еуропарламент халықаралық сауда комитетінің төрағасы:
- Қазақстан мен Еуроодақ арасында ынтымақтастық пандемия кезінде де жоғары деңгейде болды. Баршаға ауыр тиген 2020 жылы да Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды сауда серіктесіміз болып қала берді. Дүниежүзілік сауда ұйымының министрліктер конференциясының төрағасы ретінде Қазақстан бұл іс-шараны ұйымдастыруда маңызды еңбек атқарып келеді. Басқосуда қазбалы отын өндіру саласында субсидияларды қысқарту және ауыл шаруашылығына қомақты қаражат салу мәселелерін талқыға салу маңызды. Әлемде вакциналау қарқынын үдете түсу үшін бізге сауда мен өзара көмек жөнінде нақты келісімшарт қажет. Сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Париж климаттық келісім аясында дауларды шешу тетігін жетілдіру керек.
Сондай-ақ спикерлер Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-министрлік конференцияның міндеттері мен мақсаттары жөнінде пікір алмасты. Ол Қазақстанның төрағалығымен қараша айының соңында Женевада өтеді.