ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанның Еуропамен бизнесіне әсер етпейді. Бельгия елдердің сауда ынтымақтастығын қолдау шараларын белгілеуге, сондай-ақ қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын. Бұл туралы Брюссельдің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Оливье Виллокс еліміздің Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесуден кейін мәлім етті. Қазақстанның үкіметтік делегациясы Бельгияның Экспортты ынталандыру агенттігінің басшылығымен өзара тиімді серіктестік бойынша бірлескен шараларды талқылады.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Өткен жылы Қазақстан мен Еуропа арасындағы тауарайналым 21% өсіп, 28,9 млрд долларды құрады. Еуропа нарығына жыл сайын 200 млн долларға жеткізе алатын 53 түрлі өнімді сұрыптап алдық. Бұл – ең алдымен қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдері, фармацевтика, машина жасау. Басты міндетіміз – дайын өнімді алға жылжыту. Шикізат жағынан барлығы жақсы. Біз ЕО-ға мұнай жеткіземіз, осы одақтың қазақстандық қара алтынды сатып алуында ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпыз. Санкциялық режимде Қазақстан – қақтығыс тараптарының бірі емес, сондықтан біз аймақтық және халықаралық сипаттағы барлық міндеттемені орындаймыз. Біздің міндетіміз –сауданың қарқынды өсуін қамтамасыз ету.
Оливье Виллокс, Брюссельдің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы:
- Қазақстанмен ынтымақтастығымызды кеңейтіп жатырмыз. Әсіресе пандемиядан кейінгі кезеңде көбірек күш салуымыз керек, өйткені осы уақытта саяхаттау мүмкіндігі шектелді.