Шетелдегі қазақтарға және қазақ тілін үйренемін деген шетелдіктерге онлайн тегін курстары қыркүйекте қайта ашылды. Бұл жоба «Отандастар» қорының қолдауымен 2019 жылы қолға алынған. Осы уақыт аралығында 300-ге тарта азамат тілді меңгергені туралы сертификаттарын алған. Қор өкілінің айтуынша, онлайн курстарға жазылушылардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, биыл курсқа 900-ге жуық шетелдегі қандас пен қызығушылық білдірген өзге ұлт өкілдері өтініш берген. Айта кетейік, қазіргі таңда қазақ тілі - ағылшын, орыс, түрік және парсы тілдерін білетіндерге оқытылуда.
Еңлік Бердірахманова, «Отандастар» қорының шетелдегі қандастарды қолдау департаментінің менеджері:
– А1,А2, Б1 деңгелерінде, яғни деңгей бойынша өткізіледі оның барлығы. Бізде қатысушылар көбінесе Ресей елінен, Түркия, Еуропа және Америкада, Димаштың Dears-тары да бар. Курстардың бір ерекшелігі әр елдің уақытысына ыңғайлы етіп жасалған. Енді осы курстардың аясында балаларға арналған әртүрлі шығармашылық байқаулар өтіп жатады. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Достар алаңы» балаларға арналған жоба басталады. Ол жайлы «Отандастар» қорының әлеуметтік желілелрінде, сайттарында толық ақпарат жарияланады.