Қазақстанда
«Қазреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесі жаңғыртылады. Айта кетейік, электронды
тұғырнама үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу туралы шарттарды мемлекеттік тіркеуге бағытталған. Енді бұл қызмет түрін «Еgov» мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге
асыруға болады. Сондай-ақ «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесінде заман
талабына сай жаңарады. Құрылыс компанияларына үлестік баспана салуды аяқтау
үшін кепілдіктер мен несие бойынша
субсидиялар алуға өтінімдерді қашықтан беріп, онлайн форматта шарттасуға
мүмкіндігі жасалмақ. Бұған қоса елде құрылыс материалдарының онлайн платформасы
іске қосылмақ.
Алтай Күздібаев,
«ҚТК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Жаңарту, бірінші
кезекте үлестік тұрғын үй бойынша шарттарды онлайн форматта жасауға мүмкіндік
береді. Қазір біз осы жобамызды жүзеге асыру үшін министрлікпен тығыз жұмыс
істеп жатырмыз. Сол кезде мемлекеттік қызмет көрсету уақыты әлдеқайда
жылдамдайды деуге болады. Бүгінде бұл қызмет түрін алу үшін екі жұмыс күні
кетеді. Ал өзгерістер енгізгеннен кейін бар болғаны бірнеше сағатқа қысқарады.
Ернар Әбітаев,
«ҚТК» АҚ бизнес-процесстер және цифрлық даму департаментінің директоры:
- Біз тікелей осы
жүйенің ішінде келісім-шарт жасау, оған қол қою және тіркеу бойынша
функционалды жасап шығардық. Ең алдымен, бұл тұрғын үй салушылар тарапынан жалған
келісім-шарт жасаудың алдын-алуға мүмкіндік береді. Жалпы, құрылыс компаниялары
үшін де ыңғайлы. Қазір, оны тәжірибе ретінде пайдаланып отырмыз. Толық іске
қосу үшін нормативтік-құқықтық актілер керек. Олар жыл соңына дейін қабылданады
деп күтіліп отыр.