Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдап, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болды. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабардар етті. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалауға қатысты бірқатар заңдар қабылданған. Қазір Парламенттің қарауында креативті индустриялар, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларын реттейтін заң жобалары жатыр. Келесі жылы Бюджет, Құрылыс, Су және Салық кодекстері қаралады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?