Президент Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму келешегін талқылады. Энергетика, қаржы, цифрлық технология және басқа да саладағы тиімді кооперация мәселесіне мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдалану мен Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?