Қазақстанға әйгілі Cirque du Soleil келді

Қазақстанға әйгілі Cirque du Soleil келді

Қазақстанға әлемге әйгілі Cirque du Soleil қайта келді. Астанадағы кезекті қойылымға Монреальдан екі жүк ұшағымен 200 тонна жүк жеткізілген. Du Soleil жан-жануарлардың өнер көрсетуінен толық бас тартып, тек адам болмысының шексіз мүмкіндігін паш ететін акробатикаға, жан тебірентер театрлық қойылымдарға арқа сүйейді. Шоуға 17 тілде сөйлейтін 25 елден келген әртістер мен техникалық мамандар жұмылған.

 

Жани Малле, Cirque du Soleil ресми өкілі:

 

- Жыл бойы үздіксіз гастрольдік сапарда боламыз. Жаңа елде өнер көрсету, Қазақстанға гастрольдік шоумен келу біздің өнерпаздарға шабыт сыйлайды. Біздер осы елге қайта келгенімізге, жаңа аудиториямен кездескенімізге қуаныштымыз. Бұл жолы біздің ұжым Қазақстанда алғаш рет толыққанды гастрольдік шоуын ұсынады. Бұған дейін 2017 жылы EXPO көрмесіне орайластырылған арнайы іс-шарамен келген болатынбыз.

 

Әр жаңа қойылымға дайындық 3 жылға жуық уақытқа созылады. Қазақстандық көрермендер әлемдік бестселлерге айналған ОVО шоуын тамашалады. Мұнда жәндіктер әлеміндегі хикая баяндалады. Сахнаға 53 әртіс шықса, сахана сыртында 50-ге тарта адам еңбек етті. Бұл шоу 2009 жылдан бері әлемнің 40-тан астам елінде көрсетілген. Қазақстанда барлығы 14 қойылым көрсету жоспарланған. Шоу 11 маусымнан бастап Алматыда жалғасады.

 

Артур Дудов, Cirque du Soleil әртісі:

 

- Біз бірнеше күн бойы дайындық жасап, реквизиттерді орналастырдық. Біздің шоу жәндіктер әлемі туралы болатынынан құлағдар шығарсыздар. Құрт-құмырсқа әлемінің құпия сырлары сіздерді таң-тамаша етеді. Егер Дюсалей циркі тек балаларға арналған деп ойласаңыз қателесесіз, біздің шоуға куә болған ересектердің де ұмытылмас әсер алатынына сенімдіміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?