Миниатюралық әскери тарих.
Астанадан келген моделист майдан даласындағы шайқастарды, эпикалық көріністерді,
батырларды және олардың ерліктерін диорамаларда бейнелеп, қайта жасайды. Серік
Әбдірахмановтың жинағында 35-ке жуық еңбек бар. Мұның бәрі қарапайым хобби және
тарихқа деген құштарлықтан басталған екен. Қазір мамандыққа айналған.
Серік Әбдірахманов, ҚР Ұлттық
музейінің ғылыми қызметкері:
- Мұның бәрі пластилиннен басталды.
Сарбаздарды, әртүрлі фигураларды жасадым. Кейін бәрі модельдеу, диорама өнердімен
ұштасып кетті. Фигураларды сатып алған кезім де болды. Кейде түрлендіріп те
жібердім. Материал пластик болды. Мен екі бөліктен тұратын шпаклевканы
қолданамын. Ол пластилин сияқты, бір сағат ішінде кебеді. Су негізіндегі акрил сырлармен
оңай боялады. Кейде тіс щеткасы, картон, ағаш бұтақтары секілді қарапайым
заттарды да пайдаланамын.
Қандай да бір көріністі жасау
үшін бір аптадан бірнеше айға дейін уақыт кетеді. Кейіпкердің бет-бейнесін
жасау – өте күрделі процесс. Ұсақ детальдар көп уақытты алады. Небәрі 5
сантиметрлік фигураның басына көзді, құлақты, әр әжімді көрсету керек. Бұл
әрине көп уақыт пен дәлдікті қажет етеді. Жұмыс барысында тарихи фотосуреттер,
кинокадрлар, сызбалар, карталар, әңгімелер, саяхатшылардың очерктері мен
ардагерлердің естеліктері пайдаланылады. Астаналық моделитсің жұмыстары
Қазақстанда, Түркияда, Тәжікстанда және Нидерландыда сақталған. Астананың
әскери-тарихи мұражайында 10-нан астам жұмысы қойылған.
Алмас Ыдырысов, ҚР Қарулы күштері
әскери-тарихи мұражайының аға маманы:
- Техниканы дұрыс бояп, оны лайықты
жерге қоятын болса, оны жақсы моделист деп айтуға болмайды. Бұл ондай
шеберлікпен шектелмейді. Ол жасаған диорамада нақты оқиғаны бейнелеуі керек.
Сонда ғана ол үздік моделист болады. Кішкентай ғана дүниеге шебер көп уақыт
жұмсайды. Себебі дәлдікке, осы модельдің шынайылығына қызығушылық танытады.

