Мазасыздануға негіз жоқ. Сенатттың жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстандағы Ресейлік банктердің жабылуына қатысты осындай пікір білдірді. Спикер мәлім еткендей, бүгінде Ресейдің еншілес банктерінде жеке және заңды тұлғалардың 500 млрд теңгеге жуық депозиттері сақтаулы. Сондай-ақ, банктерде өте ауқымды несие портфелі бар, ол шамамен 1,7 трлн теңге. Ал өтімді қаражат шамамен 590 млрд теңгені құрайды. Осылайша, агенттіктің басшысы, банктер төлем жасауға қабілетті, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелері толығымен жабылады, сондай-ақ банктердің тұрақсыздығы туралы мәселе мүлдем жоқ, деп сендірді.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы:
– Егер қызметін тоқтатқан банктерге келетін болсақ, қазір Альфа-банкті «Банк ЦентрКредит» сатып алды. Бүгінде банктің атауы өзгертіліп, қазіргі уақытта екі банкті біріктіру рәсімі жүргізілуде. Яғни «Альфа – банк» - алда «Эко центр банк» деп аталып, «Банк ЦентрКредиттің» бір бөлігіне айналады. Тиісінше, осы банктегі жеке және заңды тұлғалардың барлық салымдары мен депозиттері Банк центр кредитке өтіп, салымшылардың алдындағы міндерттердің барлығы орындалады.