Астана Бүкіләлемдік туристік альянстың мүшесі

Астана Бүкіләлемдік туристік альянстың мүшесі болды. Бұл туралы Қытайдың Хайнань провинциясында өткен халықаралық форумда жария етілді. Еліміздің ұйымға мүше болуы ішкі туризмді дамытуға және шетелдік қонақтарды тартуға жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Тілеужан Өмірұзақ, Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Туризм дамыту бөлімінің басшысы:

- Туристік альянс болғандықтан, көбірек туристер тартуға мүмкіндік береді. Қаламызда өтетін іс-шараларды альянстың барлық платфомаларында жылжытуға, яғни жарнамалауға мүмкіндік береді. Альянсқа мүше мемлекеттермен туристер және ақпарат алмасуға үлкен мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, елордада саяхатшыларға арналған жаңа туристік аудан пайда болады. 150 гектардан астам аумақта ойын-сауық кешендері, мейрамханалар және қонақ үйлер орналасады. Кешен инвестициялар тарту есебінен салынады деп жоспарлануда.

Әділет Әбдуғәлиев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі департаментінің бас сарапшысы :

- Жаңа туристік аудан Нұра ауданының аумағында орналасады. Аумақ 158 гектарды құрайды. Жалпы, мұнда отбасылық демалыс орталығы, ойын-сауық және іскерлік орталық құрылады.

Әсел Күшенғалиева