Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық және мәдени байланысы

Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық және мәдени байланысы

Жақын арада Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруға ниетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Душанбеде өткен сауда-инвестициялық форумда белгілі болды. Өзара серіктестікті нығайту мен кеңейтуге, сауда саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға, тараптар арасында инвестицияларды тартуға баса назар аударылды. Айта кетейік, біздің еліміз Тәжікстанның сауда-экономикалық серіктестерінің ТОП-5-тігіне кіреді.


Сондай-ақ, Тәжікстан астанасында Қазақстанның мәдениет күндері бастау алды. Ол Душанбеде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мүсінінің салтанатты ашылуынан басталды.


Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:


- Абайдың ескерткіштері әлемнің көптеген қалаларында - Каирде, Будапештте, Бейжіңде, Ташкентте, Мәскеуде, Тегеранда орнатылған. Тәжікстанның елордасы қазақ халқының ұлы ойшылының мүсіні орнатылған әлемдік астанаға айналды. Ең бастысы бұл жай ғана маңызды оқиға емес, одан әрі жақындастық пен рухани, мәдени байланыстар жолындағы пәрменді қадам.


Қазақстанның мәдениет күндері аясында көркем фильмдердің көрсетілімі, көрме, сондай-ақ қазақстандық әртістердің қатысуымен гала-концерт өтеді деп жоспарланып отыр.