Заңды негізде жеке деректермен алмасу. Қазақстан Парламентінің Сенаты әкімшілік істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа сәйкес, енді ТМД елдерінің мамандары бір-біріне азаматтығының болуы немесе болмауы, көші-қон есебіне қою, виза беру, жеке басын куәландыратын құжаттар және басқа да маңызды мәліметтерді жібере алады.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Одан басқа келісім бойынша қосымшадан мынадай ақпараттар алуға болады: басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның жеке басы расталады, азаматтың шетелде тұратын жері анықталады. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету шеңберінде пайдаланылуы мүмкін.