Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, хабты «Қорғас» халықаралық сауда орталығының базасында салу жоспарлануда. Орталық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін жылдам және кедергісіз өткізуді қамтамасыз ететін дамыған көліктік-логистикалық инфрақұрылым болады. Бұл ретте екі елдің тұтынушылары арасында сұранысқа ие өнімдер жеткізілетінін айта кеткен жөн. 2022 жылы Қазақстаннан аспан асты еліне ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 553,5 миллион долларды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы, өңдеу және мал шаруашылығы өнімдері жеткізілген.