Ауған тәліптері Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Бұл туралы қозғалыс өкілдерімен Мәскеуде өткен келіссөздер барысында белгілі болды, деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Ресей президентінің Таяу Шығыс республикасындағы арнайы өкілі Замир Кабулов елдің солтүстігіндегі жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдіріп, тәліптерді қақтығысты Ауғанстан шекарасынан шығармауға шақырды. Өз кезегінде делегация мүшелері Орталық Азия мемлекеттерінің шекаралары мен ел аумағындағы шетелдік өкілдіктердің қауіпсіздігіне кепілдік берді.
Делегация өкілдері барлық этностың мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу арқылы елде тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге мүдделі екендіктерін, сондай-ақ исламдық нормалар шеңберінде адам құқықтарын құрметтеуге дайын екендіктерін де атап өтті.