Сенат медиацияға қатысты заңды қабылдады

Сенат медиацияға қатысты заңды қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында БҰҰ-ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы Конвенциясы мақұлданды. Құжатты Жоғарғы Палата депутаттарына елдің Әділет министрі Қанат Мусин таныстырды.

Оның айтуынша, Конвенцияны ратификациялау соттан тыс медиацияны жетілдіруде оң қадам болып отыр. Ол халықаралық саудаға жәрдемдесудің маңызды құралы және коммерциялық тараптардың халықаралық келісімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Қазақстанның Конвенцияның қатысушы ретіндегі мәртебесі елдің халықаралық бизнес-беделін және инвестициялық тартымдылығын артыруға үлкен сеп болады, дейді министр.

Айта кетейік, Конвенция қатысушы мемлекеттердің екі және одан да көп компаниялары арасындағы халықаралық коммерциялық дауларына ғана қолданылады.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

– 2019 жылғы 7 тамызда Сингапурда Қазақстан БҰҰ-ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы Конвенциясына қол қойды. Осы уақытқа дейін бізде осындай тетік болған жоқ. Медиация нәтижесінде қол жеткізілген келісімдерді орындау тәртібі «Медиация туралы» заңның және ҚР Азаматтық процестік кодексінің ережелерінде көзделген.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов