Қазақстанда жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқылануда

Қазақстанда жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқылануда

Жаңа Конституция – әлеуметтік саланың дамуы мен ел бірлігінің негізі болмақ. Қызылордада өткен талқы алаңында сарапшылар осы ойдың маңызына тоқталып, басты құжаттағы басымдықтарды таразылады. Аймақта құрылған сарапшылық топ өкілдері жаңа конституциялық модель ең әуелі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі екенін тілге тиек етті. Талқы алаңы еркін форматта өрбіді.


Гүлшат Мұсаева, Қызылорда облыстық Мәслихат депутаты:

- Ұлттық аумақтық тұтастығымыз мұның барлығы мызғымас құндылық екендігі жазылып, шегеленіп қойылды. Сонымен қатар, неке тек әйел мен ер арасындағы еркін одақ деп белгіленді. Бұл біздің жас ұрпақты келешек жат қылықтардан, жат идеялардан сақтандыруға негіз болады деген сенімдеміз.

Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері Атырау жұртшылығымен де талқыланды. Жаңартылған құжаттың преамбуласында алғаш рет жоғары құқықтық деңгейде Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар, жаңа Ата заң жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті шегеленіп, аға буынның ел болашағын қалыптастырудағы рөлі айқындалған. Сондай-ақ жиынға қатысқан жастар мен өндіріс өкілдері адамның абыройы мен заң алдындағы теңдігін  қозғап, қоғам бірлігін нығайту мәселелерін сөз етті. Олардың ортақ пікірі, құжат азаматтардың елдің қоғамдық өміріне араласуын кеңейтеді дегенге саяды.


Сайпулла Сапанов, саясаттанушы:

- Саяси жанрлар біздің өміріңіздің барлық салаларын қамтиды. Оның ішінде экономикалық тұрақтылық, экономикалық даму, азаматтық қоғамның дамуы, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және білім мен ғылымды дамытуға арналған екен. Біздің ата заңымыз әділ бәріне бірдей қарайтын ешкімді бөліп жармайтын әділдікті, теңдікті дәріптейтін ұлттық заң болғалы тұр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?