Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі, Тақ мұрагері, Премьер-министрі мен барша сауд халқын елдің ұлттық мейрамымен құттықтап, жеделхат жолдады. Пезидент Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.