Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған палата делегациясы ресми сапармен Қытайға барды. Аспан асты елінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасарымен кездесті.
Тараптар парламентаралық диалог, экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәлелелерін талқылады. Оның аясында екі ел астаналарында Қазақстан және Қытай мәдени орталықтары ашылады деп күтілуде. Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің жасанды интеллект қолдана отыра төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.
Жалпы айтар болсақ, автомобиль құрастыру және логистика салаларында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ баламалы энергия, трансшекаралық электронды сауда, спутниктік телекоммуникация сынды жаңа салаларда байланыстарды тереңдету әлеуетін талқылады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда айналымы тарихи межеге жетіп, 41 млрд доллар көрсеткішіне қол жеткізді. Сондықтан Мәжіліс төрағасы қазірдің өзінде сауда-саттық көлемін одан сайын арттыруға болатынын тілге тиек етті.