Түркі академиясы өткен жылды
қорытындылады. Тағылымды шараға қатысушылар халықаралық конференцияда 2023 жыл
түркі әлемі үшін елдердің интеграциясы мен дамуына бағытталған айтулы
оқиғаларға толы болғанын атап өтті. Бүгінде Академия көрнекті тұлғалар -
жазушылар, зерттеушілер мұрасын насихаттау жұмыстарын жалғастырып келеді. Шығармаларда
халықтардың тарихи жолы бейнеленіп, ортақ тұстары анықталады. Түркі Академиясы
мұрындық болған алқалы жиын аясында тұңғыш рет қазақ тілінде «Ататүрікті еске
алғанда», түрік тілінде «Ұлт көшбасшысы, жарқын тұлға - Гейдар Әлиев»
туындылары, сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған
Кемел Тоқаевтың құрметіне «Кемел Тоқаев: қаламгердің өмір жолы» фолианттың
тұсауы кесілді.
Шаин Мустафаев, Түркі академиясының
президенті:
-Әлбетте, Түркі академиясы
ретінде, біз бауырлас елдер арасында әдебиет, ғылым және мәдениет салаларындағы
байланысты тереңдетуді басты мақсат ретінде қарастырамыз. Себебі, ол бүкіл
түркі әлемі үшін өте маңызды.
Асхат Кесікбаев, Түркі
академиясының вице-президенті:
-Биыл Түркі академиясы экономика
саласындағы барлық ғылыми-зерттеу институттарының басын қосып, жаңа бір
платформа құрды. Алдағы уақытта ядролық физика, математика және басқа да
салалардағы ғалымдардың басын қосайын деп жатыр.