Астанада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивлі өтіп жатыр

Астанада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивлі өтіп жатыр

Қазақстан атом энергетикасы бойынша мамандарды даярлауда Венгрияның тәжірибесін ендіруге ниетті. Сондай-ақ, Қытайдың IT, дрон құрастыру және машина жасау саласындағы тәжірибесін қолдану жоспарлануда. Бұл жөнінде «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде оқу-ағарту министрі мәлім етті. Ғани Бейсембаев биыл еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру ісі қолға алынғанын да жеткізді. Яғни, олардың білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, елордада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдайтын Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылмақ. Мұндай заманауи орталықтар Қытай, Корея және БАӘ бар. 

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: 

- Бұл Орталық WORLDSKILLS International кәсіби стандарттарының, жаңа технологиялық шешімдерді, заманауи инновациялық дағдыларды әзірлеп өндіріске енгізуге ықпал етеді. Оған қоса әлемдік стандарттарға сәйкес сертификатталған мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін алаң болып отыр. Биыл түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы TurkicSkills чемпионатын өткізу де жоспарланған. Бұл іс-шараның түпкімақсаты түркітілдес елдермен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы инвестициялар тарту және болашақта елімізді Орта Азия елдері үшін кәсіптік білім беру хабына айналдыру. 

Айта кетейік «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивлінде 8 тақырыптық көше ашылды: Онда тау-кен ісі және металлургия, машина жасау және көлік, энергетиктер мен мұнайшылар, ауыл және су шаруашылығы, құрылысшылар, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина және болашақ мамандықтарына арналған көшелер де бар. Сонымен қатар, кәсіби дамудың түрлі салалары мен бағыттарын көрсететін 40 креативті үй ұсынылған. Шара аясында бірнеше күн бойы семинарлар мен шеберлік сағаттары, хакатондар, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері және концерттер мен тренингтер өтеді. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?