Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар саны 6 мыңға кеміді. Шет елге көшіп кеткен қазақстандықтар 17 млрд теңгеге жуық қаражатын шешіп алған. Былтырғы алғашқы жарты жылдықта бұл сома 10 жарым млрд теңге шамасында еді. Қоныс аударғандар саны осы аралықта 2000-ға көбейген. Жалпы елдегі азаматтардың зейнетақы активтері 13 трлн теңгеге дейін қысқарған. Инвестициялық кіріс 137 млрд теңгеге жуықтады. Ұлттық банктің сенімді басқаруында 12,9 трлн теңге бар. Дегенмен сарапшылар нарықтағы құбылмалық салдарынан зейнетақы активтерінің инфляцияға шаққандағы кірісінің төмендеп кеткенін айтуда. Бірінші несие бюросы таратқан дерекке сүйенсек соңғы 4 айда кіріс 0,88%, инфляция болса 7,2 процентке өскен.